Алматылық оқушылар сырқатқа диагностика жасайтын қосымша әзірледі
dAIgnosis қосымшасы медициналық оқу орындарының студенттеріне көмекке арналған
Алматыда оқушылар науқас адамдарға диагноз қоя алатын қосымша әзірледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жасанды интеллект платформасы сырқатқа диагностика жасап, тиісті дәрі-дәрмектерді тағайындауға мүмкіндік береді. Жас өнертапқыштардың айтуынша, dAIgnosis қосымшасы медициналық оқу орындарының студенттеріне көмекке арналған.
Біз жасанды интеллектке сырқатты нақты белгілермен анықтауды нөлден бастап үйреттік. Немесе томография немесе рентген арқылы біледі. Сондай-ақ жасанды интеллект адамның медициналық тарихын ескере отырып, дәрі-дәрмектерді тағайындайды. Біз медицина саласының студенттерімен де кездестік, олардың біздің өнімге деген қызығушылығы бар. Ең маңыздысы біздің қосымшаны тек медициналық білімі бар адамдар ғана қолданғаны дұрыс, – деді Алматы қаласы РФММ-нің 11 сынып оқушысы Артур Кнабик.
Айта кетейік, бір күн бұрын Алматы қаласы РФММ оқушылары миллион теңге ұтып алды. Оны өз қосымшаларын дамытуға жұмсамақшы. Жас өнертапқыштар енді медицина университеттері мен колледждерге барып, өз жұмыстарын көрсетуді жоспарлап отыр.