Halyq Uni логотип
×

Су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа үйлер салынады

Өңір басшысы тиісті тапсырма берді

 Динара Амантай 18.03.2023 | 14:04
Су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа үйлер салынады
Фото: Ақтөбе обл. әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысының Қобда ауданы Қобда ауылындағы үйлері су астында қалған тұрғындар үшін 24 үй салынады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Ералы Тоғжанов Қобда ауданына сапары барысында тиісті тапсырма берген. 13 наурыздан бастап Қобда ауылында 79 үй, 22 аула аумағы еріген қар суының астында қалды. Залалды бағалау жөніндегі комиссияның алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, 3 үй қалпына келтірілмейді, 4 үйдің қабырғалары құлаған, олар апатты деп танылды, 17 үй суда тұр.

Өңір басшылығы үш отбасыға бюджеттен тыс қаражат есебінен тұрғын үй сатып алуды жоспарлағанымен, елді мекенде бос тұрғын үй болмай шықты. Соған байланысты үй салу жөнінде шешім қабылданды.

Қазір елді мекенде су тасқыны деңгейінің төмендеуі байқалады. Жасанды су жинау, құм төсеу және су айдау жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 38 мамандандырылған техника, 277 адам жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама