×

Өңірлерде аналарға медициналық көмек көрсету сапасы жақсарады – ДСМ

Елімізде әлемдік стандарттарға сәйкес келетін 12 заманауи перинаталдық орталық салу жоспарланған

 Динара Амантай 18.03.2023 | 13:03
Фото: sheraga.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің төрағалығымен Астана қ аласындағы Ана мен бала ұлттық орталығы базасында «Қазақстан Республикасының босандыру қызметін жетілдіру» тақырыбында өткен республикалық кеңес барысында босандыру қызметі мен балалық шақтың басым мәселелері талқыланды. Бұл ДСМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қазіргі кезеңде денсаулық сақтау саласындағы негізгі бағыттардың бірі ана мен репродуктивті шығындарды азайту болып табылады.

Кеңесте өткен жылдың қорытындысы бойынша босандыру қызметінің сапалық көрсеткіштері жақсарғаны атап өтілді: ана өлімінің 2,6 есеге төмендеуі, ерте келуді қамту 4%-ға артты, жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 9%- ға, ерте неонаталдық өлім мен өлі туу көрсеткіштері 6% -ға төмендеді.

Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар нормативтік актілерді қабылдады, олардың бірі 2030 жылға дейін ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі тұжырымдаманың жобасын әзірлеу болды.

Елімізде әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған 12 заманауи перинаталдық орталық салу жоспарланған.

Бұдан басқа, осы бағытта нормативтік құжаттарды, диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын әзірлеу жоспарланып отыр. Акушерлік және гинекология саласында инновациялық технологияларды енгізу мәселесі де қарастырылып жатыр.

Өңірлік перинаталдық орталықтарды жарақтандыру үшін сараптамалық сыныптағы аппараттардың УДЗ, иммунохимиялық анализаторларды сатып алу, шетелдік клиникалар базасында босандыру қызметінің мамандарын оқыту жоспарланған.

Бұл шаралар гравидаралды дайындықты, босанғанға дейінгі бақылауды қамтуды жақсартуға мүмкіндік береді, осылайша жүкті әйелдердің денсаулығын жақсартуға және ана өлімінің көрсеткішін тұрақтандыруға және оның жоспарлы төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, кеңесте жүктілік пен босанудың нәтижесіне әсер ететін елдің босану қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-әдістемелік факторлары талқыланды.

Кеңейтілген кеңестің қорытындысы бойынша еліміздің өңірлерінде аналарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға әсер ететін бірқатар іс-шаралар қабылдау жоспарланып отыр.

Кеңес жұмысына ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры М. Ембергенова, аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Ш. Халықова, «Акушерлік және гинеколоия» ғылыми орталықтарының директоры проф. Г.Бапаева және Г. Оразбаева, акушерлік, репродуктология және медициналық генетика саласындағы жетекші профессорлар -  В. Локшин, С. Ысқақов, Г. Әбілдинова, С. Исенова, З. Хамидуллина, С. Шиканова, Г. Танышева, 6 медициналық ЖОО «Акушерлік және гинекология» кафедраларының меңгерушілері, сондай-ақ ДСБ басшыларының орынбасарлары, бас гинекологтар және еліміздің 20 өңірінің перинаталдық орталықтарының бірінші басшылары қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама