Halyq Uni логотип
×

Гаагадағы халықаралық сот Путинді тұтқындауға ордер берді

Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді Украинада жасалған әскери қылмыстарға жауапты деп тапты

 Халық үні 17.03.2023 | 22:50
Гаагадағы халықаралық сот Путинді тұтқындауға ордер берді
Фото: odnastroka.ru

Ресей Владимир Путиннің бұйрығымен 24 ақпанда басталған Украинаға әскери шабуылын жалғастыруда. Бүгін Ресейдің Украинаға толыққанды әскери басып кіргеніне 387-күн, деп жазады  inbusiness.kz dw басылымына сілтеме жасап.

БҰҰ мәліметінше, қазірдің өзінде 16 миллионнан астам украиндық үйлерін тастап кеткен.

Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді Украинада жасалған әскери қылмыстар, халықты (балаларды) заңсыз депортациялау және Украинаның оккупацияланған аумақтарынан Ресей аумағына заңсыз көшіргені жауапты деп айыптап, қамауға алуға ордер берді.

Путинге айып тағылып отырған қылмыстар Украинаның оккупацияланған территориясында кем дегенде 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жасалған, деп жазады сот.

Сондай-ақ, сот ресейлік балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы да қамауға алуға ордер берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама