×

Шымкентте жасөспірім 9-қабаттың терезесінен секіріп кетті

Оқиға орнына келген жедел жәрдем мамандары баланың бірден көз жұмғанын мәлімдеген

 Халық үні 17.03.2023 | 19:40
Фото: profile.ru

Қайғылы жағдай 16 наурыз күні сағат 15:35-те Қонаев даңғылындағы тұрғын үй кешенінде болған.

Otyrar.kz телеграм-каналының хабарлауынша, оқиға орнына келген жедел жәрдем мамандары баланың бірден көз жұмғанын мәлімдеген. Ал полиция аталған факті бойынша қылмыстық істі тіркеді.

Инсайдерлік ақпараттың дерегінше, анасы баласын халық емшісіне көрсету үшін Атыраудан Шымкентке келген.

17 жастағы жасөспірімнің өлімінің себебі «суицид» болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама