БАҚ бостандығын қорғау үшін ауқымды жұмыс жүргізілуі керек
Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлі өзекті күйінде қалып отыр. Бұл туралы БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлі өзекті күйінде қалып отыр. Қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық – алаңдатарлық жайт. Алдағы уақытта (бұл мәселе – автор) заңда көрініс табады деп үміттенемін, - деді Фолькер Тюрк Астанада өткен брифингте.
Оның пікірінше, елімізде сөз бостандығы қамтамасыз ету үшін әлі жұмыс істеу қажет.
«Қоғамдық өмір, бейбіт жиналыс, сөз бостандығы, БАҚ бостандығы және қауіпсіздік, журналистерді қорғау – ауқымды жұмыс жүргізуді талап ететін салалар. Халықаралық құқық стандарты – даму үшін маңызды нұсқаулық», - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссар қаңтар оқиғасын жан-жақты тергеуді ұсынған еді.