Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды
Ол финалда 78,72 балл жинап, 2-орынға ие болды
Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында фристайлдан өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды.
Ол фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинап, 2-орынға ие болды.
Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери (85,67) жеңімпаз атанса, австралиялық Мэтт Грэмге 78,42 қола жүлдені иеленді.
Могул жарысында әйелдер арасында Аяулым Әмренова финалға шыққанымен, жүлдеге іліге алмады.