Қытай төрағасы 20 наурызда Ресейге барады
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен 20 наурызда Ресейге барады. Ол онда үш күн болады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, екі ел мемлекет басшылары РФ мен Қытай арасындағы әріптестік пен өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды.
«ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 20-22 наурызда Ресейде болса, Мәскеуден басқа қалаларға бара ма?» – деген «Новости» агенттігінің сұрағына ол: «Қытай төрағасы Мәскеуде ғана болады», – деп жауап берді.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбиннің айтуынша, Си Цзиньпиннің Мәскеуге мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастардың дамуына жаңа серпін береді. Қолда бар басқа мәліметке қарағанда, Ресей мен Қытай басшылары екі елдің экономикалық байланысын нығайту мәселесін ғана емес, сонымен бірге Украинадағы соғысты талқылайды.
Си Си Цзиньпин Путинмен сөйлескен соң, онлайн режимінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлеседі деген дерек бар. Онда ол соғысты тоқтату үшін арағайындық жасағысы келетін көрінеді.