Сайлауға 7 партия қатысып жатыр
Бас прокуратура сайлау алдындағы тыныштық күніне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтың айтуынша, бүгін түнгі сағат 00:00-де сайлауалды үгіт жұмыстары кезеңі аяқталады.
Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні – 19 наурызда кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынады. 14 наурыздан бастап БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді. Сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе бекетте жүргізуге болмайды, - деді ол ОСК отырысында.
Сауалнаманы тек Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар сайлау учаскелерінен шыға берісте жүргізуге құқығы бар.
Оның нәтижесін БАҚ-да дауыс беру күнінен кейін яғни 20 наурыз түнгі сағат 00:00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі. Конституциялық заңның осы талаптарын орындамау Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Заң талаптары Мәжілісі депутаттарымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына да қатысты, - деді Бас прокурордың орынбасары.
Айта кетейік, 19 наурызда Қазақстанда кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Мәжіліс депутаттарын сайлауда 7 партиядан 283 кандидат бәсекеге түсті: