Halyq Uni логотип
×

Елімізде интернетті ауыл тұрғындарының 94%-ы пайдаланып отыр

Бүгінде ауылда 7,7 млн-нан аса адам тұрады

 Дәурен Ерболат 17.03.2023 | 14:06
Елімізде интернетті ауыл тұрғындарының 94%-ы пайдаланып отыр
Фото: mk.ru

Қазақстанда ауыл тұрғындарының 94%-ы интернетке қосылған, деп хабарлады Finprom.kz.

Елімізде ауылды интернетпен қамту ерекше бақылауда әрі бұл мемлекет дамуының басты міндеттерінің бірі болып саналады.

Бүгінде ауыл тұрғындарын интернетпен қамтитын бірқатар бағдарлама бар. Оның бірі – «250+» бағдарламасы. Ол 250 адамнан көп тұрғыны бар ауылдарды интернетпен қамтамасыз етуді көздейді. Бағдарламаны Kcell АҚ (Kcell, Асtiv), Tele2/Altel және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұялы байланыс операторлары жүзеге асырады. Мысалы, 2020-2022 жылдары Kcell ұялы байланыс операторы міндетті бағдарламалар бойынша 468 базалық станцияны және ауылдарды интернетке қосудың жеке бағдарламасы бойынша 550-ге жуық базалық станцияны орнатты.

Компания кең жолақты мобильді қолжетімділікті (КЖМҚ) қамтуды кеңейту және байланыс сапасын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

2022 жылы Kcell ауылдарда (АЕМ) 258 базалық станцияны іске қосқан. Барлығы 900 мыңға жуық адамға 3G технологиясы, 660 мыңнан аса адамға 3G/4G технологиясы арқылы интернет таратылды.

Биыл оператор LTE желісін орнату арқылы тағы 142 АЕМ-ді кең жолақты мобильді интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бүгінде LTE желісі 31 АЕМ-ге қосылды.

Сондай-ақ компания 2023-2024 жылдарға арналған өзінің жеке бағдарламасы бойынша ауылдарда КЖМҚ желісін дамытуды жоспарлап отыр.

2023 жылғы 6 наурыздағы жағдай бойынша базалық станциялар 7 АЕМ-де іске қосылды. Қазір 10-нан аса АЕМ-де жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бағдарламаларды жүзеге асыру салаға оң әсерін тигізуде. Мәселен, Халықаралық электр байланысы одағының (ITU) мәліметінше, Қазақстандағы интернетке қолжетімділігі төмендегідей:

  • Ауылдарда – 94%,
  • Қалада – 95%.

Бұл – өте жоғары және оң көрсеткіштер. Әсіресе қала мен ауыл арасында айтарлықтай алшақтық жоқ. Қазақстандағы жағдай ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер және көптеген дамыған елмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы.

Мысалы, Арменияда ауылда интернетке қолжетімділік – 90%, Беларусьте  –  79%, Ресейде  –  78%.

Кейбір дамыған елдерде ауылда интернетпен қамтамасыз ету көрсеткіші төмендегідей:

  • Швейцарияда – 95%,
  • Жапонияда – 87%,
  • Италияда – 74%,
  • Канадада – 77%,
  • Бельгияда – 93%,
  • Францияда – 85%.

Сала қарқынды дамуы үшін байланыс операторлары бұрын-соңды болмаған қомақты қаражат құюда.

2022 жылдың қорытындысы бойынша, ақпарат және байланыс саласына салынған күрделі салымдар бір жылда 39,1%-ға өсіп, 178,9 млрд теңгеге жетті. Бұл – тарихтағы рекорд көрсеткіш. Ұзақ мерзімді динамикада біз инвестиция көлемінің біртіндеп ұлғаюын байқаймыз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы төртінші тоқсанда байланыс секторына инвестицияның негізгі бағыттары төмендегідей:

  • Ескі жабдықты ауыстыру (15%);
  • Абоненттер санын арттыру мақсатында өндірістік қуаттарды кеңейту (7%);
  • Жаңа технологияларды енгізу (7%);
  • Қолданыстағы қызметтерді ұтымды ету (5%);
  • Логистиканы ұтымды ету (3%);

Серіктес жаңалықтары

Сараптама