Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында көршісін ұрған әйел жауапқа тартылды

Іс сотта қаралды

 Дәурен Ерболат 17.03.2023 | 12:05
Павлодар облысында көршісін ұрған әйел жауапқа тартылды
Фото: Sputnik

Ертіс ауданында көршісін ұрған 33 жастағы әйел жазаға тартылды, деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Басқарма мәліметінше, биыл 10 наурызда сағат 12:30-да Ертіс ауданының полициясына 42 жастағы тұрғын арызданған. Айтуынша, ол көршісімен үйде болған. Содан кейін екеуінің арасында жанжал туындап, 33 жастағы мас әйел оны бетінен ұрып жіберген.

Бұл дерек негізінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы 1-бөлігі бойынша әйелге әкімшілік іс қозғалды. Материал сотта қаралды. Аудандық соттың қаулысымен ауыл тұрғынына 34 500 теңге (10 АЕК, 1 АЕК – 3 450 теңге) айыппұл салынды, – деді Ертіс ауданы полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Серік Үсенов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама