×

Медициналық мекемелерге ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауға еркіндік беріледі

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

 Динара Амантай 17.03.2023 | 11:33
Фото: primeminister.kz

Қазақстандық медициналық мекемелерге ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауға еркіндік беріледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында медициналық ақпараттық қызметтер нарығында монополияға қарсы әрекет ету шаралары талқыланды.

Мәселен, емханалар мен басқа да медициналық ұйымдарға ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауда барынша еркіндік беру тетіктері қаралды. Бұл қандай да бір компанияның нарықта үстемдік етуінің техникалық мүмкіндіктерін шектеуді білдіреді. Бүгінде медициналық мекемелердің таңдауы шектеулі. Өйткені жеке компаниялар оларға жинақталған мәліметтер базасын бермеуге құқылы. Бұл ауруханаларды сол жеткізушілермен ғана келісімшарт жасауға мәжбүрлейді.

Сонымен қатар қазір ЦДИАӨМ-нің Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, eHealth мемлекеттік платформасын құру бойынша жұмысты жалғастырып жатқаны, оның шеңберінде қажетті медициналық мәліметтері бар пациенттер туралы бірыңғай дерекқор қалыптастырудың жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама