×

«Сигма-ГАЗ» ЖШС-ға 2 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Облыстық прокуратура 10 мыңға жуық тұтынушының құқығын қорғады

 Динара Амантай 17.03.2023 | 11:25
Фото: duma.gov.ru

Алматы облысында «Сигма-ГАЗ» ЖШС газбен жабдықтау ұйымы 2 млн теңгеден аса көлемде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен Шамалған, Жандосов, Шалқар, Еңбекші, Үштерек, Құмарал, Тұрар МТФ және Арай, Аянат, Дархан, Баркөл бау-бақша қоғамдарының тұрғындарына газ тарифі төмендетілді.

Жыл басынан бері аталған елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсететін «Сигма-ГАЗ» ЖШС халық үшін тауарлық газдың салыстырмалы түрде жоғары тарифіне наразылықтарын білдірген. Осыған байланысты аудан прокуратурасы тауарлық газды өткізу бойынша қалыптасқан тарифке талдау жүргізіп, оның нәтижелері бойынша Алматы облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің 2021 жылдың 12 наурызындағы монополияға қарсы заңнаманың бірқатар бұзушылықтары анықталды. Онда прокуратура тауарлық газды өткізу тарифін қолдану туралы басшының (бұдан әрі – департамент) табиғи газдың 1 текше метріне 37,5 теңге және тарифті ұлғайту дерегі бойынша баға сараптамасын жүргізу бұйрығының күшін жою туралы қадағалау актісін енгізген. Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша департаменттің 2023 жылдың 10 наурызындағы №78-НҚ бұйрығымен «Сигма-ГАЗ» ЖШС-нің тарифі бекітілді.

Биыл 1 сәуірден бастап жоғарыда аталған елді мекендер үшін қосымша құн салығын (ҚҚС) ескере отырып, тариф бағасы 1 текше метр газ үшін 28,95 теңгеге дейін айтарлықтай төмендеді. Осылайша Алматы облысының прокуратурасы 9 918 тұтынушының құқығын қорғап, қалпына келтірді.

 «Сигма-ГАЗ» ЖШС газбен жабдықтау ұйымы 2 млн теңгеден аса сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама