Halyq Uni логотип
×

Былтыр қазақстандықтардың жалпы орташа табысы 962 мың теңгеден асқан

Табыстың басым бөлігі еңбекақының үлесінде

 Дәурен Ерболат 17.03.2023 | 11:20
Былтыр қазақстандықтардың жалпы орташа табысы 962 мың теңгеден асқан
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда халық табысының шамамен 4/1 бөлігі әлеуметтік төлемдердің үлесінде, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Бюро дерегінше, 2022 жылы қазақстандықтардың орташа есеппен жалпы табысы 962,5 мың теңге болды. Оның едәуір бөлігі еңбекақының (705,4 мың теңге немесе 73,3%) үлесінде. Тағы 218,2 мың теңге әлеуметтік төлемдердің үлесінде: зейнетақы – 176,7 мың теңге, жәрдемақы – 36 мың теңге, шәкіртақы – 4,8 мың теңге, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) – 645 теңге. Олар жалпы кірістің 22,7%-ын құраған. Бұл үлес – 4 жылдағы ең аз мөлшер.

Ең жоғары көрсеткіш 2020 жылы болды. Сол кезде халықтың бір бөлігіне жоғалған табысының өтемі ретінде 42,5 мың теңге (28,5%) төленді.

Екінші жағынан, бұл 10 жыл бұрынғы көрсеткіштен (15,1%) әлдеқайда көп.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама