Бұл құжат сотталған азаматтардың құқығын да қорғайды
Мемлекет басшысы азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу және сотталған адамдардың құқығын кеңейту туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұл заң – елімізде жүргізіліп жатқан саяси және құқықтық реформалар аясында Қазақстанның азаптау мен қорлаудың басқа да түрлерін жоюға, осы мәселе бойынша халықаралық нормаларды ұлттық заңнамаға енгізуге, сондай-ақ сотталғандардың құқығын кеңейтіп, түрмедегі теріс субмәдениеттің қалыптасуына жол бермеуге бағытталған жүйелі қадамдардың жалғасы.
Атап айтқанда, құжатта мынадай нормалар қарастырылған:
Сонымен қатар заң сотталған адамдарға бірқатар қосымша құқық береді:
Бұрын сотталған адамдардың бірінші рет істі болған азаматтарға теріс ықпал етуіне жол бермеу үшін сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемелерге бөлу тәсілдері өзгереді. Енді бірінші рет сотталғандар бас бостандығынан айыру жазасын бұрын сотталғандардан бөлек жерде өтейді. Бұл заңға бағынушылық мінез-құлық қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жалпы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер адам құқықтарын сақтауға берілетін кепілдіктерді арттырады. Сонымен қатар қауіпсіздік шараларын күшейту, олардың түзелуіне және қоғамға бейімделуіне мүмкіндік жасау арқылы сотталған адамдардың түрмедегі жағдайын жақсартуды көздейді.