Halyq Uni логотип
×

Молдован тілі «румын тілі» болып өзгереді

Заң жобасын қолдап 58 депутат дауыс берді

 Дастан Жұмабекұлы 17.03.2023 | 10:00
Молдован тілі «румын тілі» болып өзгереді
фото: ашық дереккөз

Молдовада молдован тілі, яғни елдің мемлекеттік тілі бұдан былай «румын тілі» болып өзгереді.

Осы елдің Парламенті екінші оқылымда барлық заңдардағы «молдаван тілі» деген тіркесті «румын тілі» деп өзгертуді қолдап дауыс берді. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.

Осыған байланысты енді елде молдован тілі деген ұғым болмайды. Конституция мен басқа да барлық құжаттардағы «молдован тілі» деген жазу «румын тілі» болып өзгертіледі.

16 наурызда «Әрекет және ынтымақтастық» (PAS) партиясының фракциясы ұсынған заң жобасын екінші оқылымда 58 депутат қолдап дауыс берді. PAS партиясының депутаттары дауыс беру нәтижесін қуана қарсы алды. Парламенттегі коммунистер мен социалистер фракциясы болса, бұл заң жобасына қарсы шықты.

Ал молдован халқының басым көпшілігі мен көптеген лингвистер «молдован» және «румын» тілдерінің бір тіл екенін, тек олар әртүрлі аталып келгенін айтып жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама