×

Жетісу облысында газға қосылу құны негізсіз 3 есе қымбаттаған

Жол картасы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді

 Дәурен Ерболат 17.03.2023 | 09:27
Фото: kstnews.kz

Жетісу облысында үйге газ қосудың негізсіз қымбат болғаны анықталды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Халықпен кездесіп, өңірде қандай мәселелер шешілмей жатқанын анықтадық. Содан кейін облыс әкімдігімен бірлесіп, аталған проблемаларды шешу үшін жол картасын бекіттік. Оның жүзеге асуын жергілікті атқарушы, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларынан тұратын ведомствоаралық жұмыс тобы бақылайды, - деді облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев.

Жол картасын іске асыру нәтижесінде Көксу ауданы Балпық би ауылында газды қосу құны 370 мың теңгеден 170 мың теңгеге төмендетілді. Мұнда газға қосылу негізгіз 3 есе қымбат болған.

Сондай-ақ Мұқыр ауылына құбыр тартылып, 151 үй табиғи газға қосылды.

Аудан орталығында балалар алаңдарын абаттандыру аяқталды.

Сонымен қатар биыл Сарқан ауданының Қазыбаев ауылында медициналық пункт ашылатын болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама