×

Ақтөбе облысында қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Күдіктілердің үшеуі ұсталып, қамауға алынды

 Халық үні 17.03.2023 | 08:48
Фото: 24.kz

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

Күдіктілер қорқыту арқылы бірнеше рет кәсіпкерден 2 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды.

Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілердің үшеуі ұсталып, қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама