Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 17-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 17-наурыз күні Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады.
Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жауын жауады (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-батысында, батысында-шаңды дауыл тұрады.