Қуат Хамитов пен өзбек файтері арасындағы жекпе-жек мерізімен бұрын аяқталды (ВИДЕО)

Халық үні

Кездесу үш раундқа жоспарлаған еді

фото: prosports.kz

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Атырау қаласында өткен Mergen Fighting Championship 4 турнирінде өнер көрсетті.

«Найман» лақап атымен танылған отандық спортшы Өзбекстан өкілі Бобур Абдулазизовпен жекпе-жек өткізді. Кездесу үш раундқа жоспарлаған еді. Алайда Қуат Хамитов екінші раунда қарсыласын «тұншықтыру әдісімен» ұтты.

Осылайша, отандық файтер кәсіби мансабында жиырма бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Бобур Абдулазизов оныншы рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр.

Айта кетейік, Қуат Хамитов бастапқыда Акоп Степанянмен (27-12) айқасу керек болатын. Бірақ ресейлік файтер белгілі себептерге байланысты Қазақстанға келе алмады.