Қос елдің шекарасы 5 шақырымға ұзарды
Қазақстан Өзбекстанмен шекараны демаркациялауды толық аяқтады. Бұл туралы Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Аталған мәселе бойынша келіссөз 2003 жылы басталған. Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараның ұзындығы – 2 356 шақырым, 666 метр болған. Осылайша, қос ел арасындағы шекара 5 шақырымға ұзарған.
Соңғы 19 жылда демаркация жүргізу кезінде қос елдегі жергілікті тұрғындардың, ҰҚК Шекара қызметінің мүддесін ескеріп, жергілікті жердегі мемлекеттік шекара сызығын нақтылау жүргізілді. Осылайша, біздің шекарамыз 5 шақырымға ұзарды...
Бұл Қазақстан азаматтарына барынша ыңғайлы болу үшін жасалды. Мысалы, делимитация кезінде шекара сызығы карта бойынша жүргізілді. Алайда демаркация кезінде бұл жерде өзен арнасының өзгергені анықталды. Бізді Өзбекстанмен Сырдария және Келес өзендері біріктіріп тұр. Өзеннің арнасы өзгерсе, шөгінді арал да өзгереді. Шекара дәстүрлі түрде өзен форматы бойынша өткізіледі, - деді Роман Василенко Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Сөз соңында министрдің орынбасары Қазақстан Өзбекстанмен шекараны демаркациялауды толық аяқтағанын атап өтті.