Үндістанда бокстан әлем чемпионаты басталды (ВИДЕО)
Жазира Орақбаева қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты
Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты басталды.
Жарыстың алғашқы күні күндізгі сессияда 52 келіге дейінгі салмақтағы Азия чемпионатының жүлдегері Жазира Орақбаева рингке шықты.
Ол Тайвань өкілі Чиа-Хсунь Чанмен қолғап түйістіріп, екінші раунда қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундтың басында төреші жекпе-жекті тоқтатты. Сөйтіп, Жазира Орақбаева қарсыласын техникалық нокаутпен ұтып, келесі айналымға жолдама алды.
Еліміздің басқа боксшылары рингке ертең шығады.
Әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы 12 салмақтың бәрінде ел намысын қорғайды.