×

Зейнетақы қорынан алынатын комиссия азаяды

Осы уақытқа дейін БЖЗҚ біздің зейнетақы жинағымыздан көрсеткен қызметі үшін 0,01% алып жүрген

 Дәурен Ерболат 16.03.2023 | 16:47
Фото: Halyq Uni

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) салымшыларға көрсеткен қызметі үшін алатын комиссиясы 0,01%-дан 0,008%-ға азаяды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Сенатта Әлеуметтік кодекс пен ілеспе заңдар қабылданды. Нәтижесінде зейнетақы қорының қазақстандықтардан алатын комиссиясы азаятын болды.

Осы уақытқа дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры біздің зейнетақы жинағымыздан көрсеткен қызметі үшін 0,01% алып жүрген. Енді сол қызмет 0,01%-дан 0,008%-ға түсті. Осылайша, зейнетақы жинағынан алатын қаражат шотымызда көбірек қалады, - деді Тамара Дүйсенова Сенаттың жалы отырысынан соң.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама