×

Шавкат Рахмоновты енді спортты қолдау қоры қаржыландырып тұрмақ

Министр кезекті жеңісінен оралған спортшымен жеке кездескеніне тоқталды

 Еркеғали Болатұлы 16.03.2023 | 12:10
фото: дереккөз

Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов енді келесі кездесулеріне дайындалу үшін спортты қолдау қорынан қаржыландырылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды.

Бұл ретте министр кезекті жеңісінен оралған спортшымен жеке кездескеніне тоқталған.

Мен Шавкатты жақында американдық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым. Сондай-ақ ол келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін спортты қолдау қорынан қаржыландырылады. Шавкат бүкіл әлемге Қазақстанды паш етті және осы қадамы үшін біз оған айрықша алғысымызды жеткіземіз. Оның UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуына тілектеспін, толағай табыс тілеймін, - деп жазды Асхат Оралов.

Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов бұған дейін кәсіби мансабындағы 17-ші жекпе-жегінен кейін рейтингте бірден 3 сатыға көтерілген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама