Елімізде шет елден қаржыландырылатын адамдар туралы мәлімет беріледі
Бұйрық 26 наурыздан бастап күшіне енеді
Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы бұйрығымен шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден ақша немесе өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы дерекқорды жүргізу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді.
Дерекқордағы мәліметтерді Мемлекеттік кірістер комитеті беріп отырады. Онда шет елдерден халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе басқа да заттай мүлікті алатын адамдар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ басқа да адамдар туралы ақпарат шығады.
Бұл деректер 6 айдың соңында есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, SRC интернет-ресурсында – kgd.gov.kz-де жарияланады.
Бұйрық 2023 жылғы 26 наурыздан бастап күшіне енеді.