×

Атырауда 1 млн теңгеге жуық айыппұлы бар көлік иесі ұсталды

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды

 Дастан Жұмабекұлы 16.03.2023 | 09:32
фото: ашық дереккөз

Атырау қаласында 37 айыппұлы бар шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 15 наурыз күні сағат 12:55 шамасында ЖБО-ның бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы Грузияда тіркелген Chevrolet автокөлігінің иесін борышкер ретінде анықтаған.

Автокөліктің 900 мың теңгеден асатын төленбеген 37 айыппұлы бар екені анықталды.

Көліктің иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама