×

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ тарифін заңсыз есептеген

Прокуратура 40-қа жуық кәсіпкердің құқығын қорғады

 Динара Амантай 16.03.2023 | 09:09
Фото: atr.kz

Түркістан облыстық прокуратурасы қадағалау барысында тауарлық газ тұтынушыларының құқықтары бұзылғанын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға заңсыз талаптар жүктелген. Салдарынан газды тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2-1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай талаптар тек өнеркәсіптік тұтынушыларға таратылып, қолданылуы мүмкін.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша өнім берушінің жоғары коэффициентті қолдану мүмкіндігі жойылып, 37 кәсіпкердің құқығы қорғалды және оларға негізсіз өндірлген 4,7 млн теңге қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама