×

31 арна мерейтойлық маусымның тұсаукесерін өткізеді

Телеарнаның 30 жылдығына орай бірнеше жоба көрермен назарына ұсынылады

 Халық үні 16.03.2023 | 00:32
фото: facebook.com/kurmanbek.zhumagali

31 арна ұжымы 16 наурызда Алматыдағы Rixos қонақ үйінде мерейтойлық маусымның тұсаукесерін өткізеді. Телеарнаның 30 жылдығына орай бірнеше жоба көрермен назарына ұсынылады. Жаңа реалити-шоу, сериалдар мен кино түсірілімінен бөлек, эфирде бірнеше автокөлік, тұрмыстық техникалар мен басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Іс-шара барысында 31 арнаның Бас директоры Құрманбек Жұмағали компанияның алдағы жоспарларымен бөлісіп, сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді.

Сондай-ақ, шақырылған қонақтар үшін түрлі ойындар, сыйлықтар мен фуршет ұйымдастырылады.

Өтетін орны мен уақыты: Сейфуллин даңғылы, 506/99, сағ. 11:00-де. Қосымша ақпарат алу үшін +7 701 914 55 88 номері бойынша хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама