×

Астана маңында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Жол апатынан 4 жолаушы сол жерде көз жұмды

 Халық үні 15.03.2023 | 22:50
Фото: autoassa.ru

Ақмола облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды, екі адам ауруханаға түсті.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, «Алматы-Екатеринбург» автожолында екі көлік бетпе-беп соқтығысқан.

«Алматы-Екатеринбург» автожолының 1223-шақырымында Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Alphard көлігі мен 42 жастағы астаналық басқарған Тоyоtа Cаmry автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында Toyota Alphard көлігінде болған төрт жолаушы көз жұмды. Ал оның жүргізушісі және тағы бір жолаушы Астана қаласындағы ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады ведомство.

Сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен («Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу») сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама