Halyq Uni логотип
×

Жұмыс берушілер инфляция деңгейіне қарай жалақыны көтеруге міндеттелуі мүмкін

Заңға өзгеріс енгізу жоспарланған

 Дәурен Ерболат 15.03.2023 | 18:05
Жұмыс берушілер инфляция деңгейіне қарай жалақыны көтеруге міндеттелуі мүмкін
Фото: Halyq Uni

Жеке меншік компаниялар инфляция деңгейіне қарай қызметкерлердің жалақысын көтеруге міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенат отырысынан шыққан министрге журналист сұрақ қойды.

«Еңбек заңнамасына сәйкес мемлекет жеке сектордағы жұмыс берушілерді жалақыны көтеруге міндеттей алмайды. Жалақыны индексациялау жұмыс берушінің құқығы болып саналады, алайда міндеті емес. Бірақ бұл құқықты жұмыс берушілердің көбі пайдаланбайды. Қазір мен бюджеттік ұйымдарды емес, жеке сектор туралы айтып тұрмын.

Осыған байланысты оқырмандар мен көрермендер тарапынан «Неге Еңбек кодексіне жұмыс берушілерді жалақыны жыл сайын инфляцияға қарай индексациялауға міндетемеске?» деген ұсыныс көп айтылып жатыр. Өйткені, халықты қымбатшылық қысып жатыр. Инфляция 20%-дан асып кетті. Осы мәселеге қатысты пікір білдірсеңіз. Бұл ұсыныс қарала ма?» - деді ол. 

Тамара Дүйсенова бұл мәселе қаралып жатқанын атап өтті.

Жалпы жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қарым-қатынасқа мемлекет араласпайды. Бірақ біз Еңбек кодексіне «Егер ұжымдық келісімшартта қаралса, онда жұмыс беруші міндетті деп» жазамыз.  Өткен жылдары сондай ұжымдық шарттарда индекстеу қаралған мекемелердің көпшілігі тек инфляцияның деңгейінде ғана емес, (жалақыны) одан да жоғары көтерді.

Сондықтан біз қазір депутаттар тарапынан Еңбек кодексіне қосымша тағы өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұрын бұл мәселе ұжымдық шартта қарастыруға мүмкін болса, енді міндетті түрде кіргізу туралы ұсыныс енгізілген. Біз ол ұсынысты қолдап жатырмыз, - деп түйіндеді сөзін ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама