×

Футболдан әлем чемпионатын өткізу тәртібі бекітілді

 Мундиальға 12 топқа бөлінген 48 команда қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 15.03.2023 | 17:04
фото: ашық дереккөз

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) басшылық кеңесі 2026 жылғы әлем чемпионатының өту тәртібін бекітті.

ФИФА-ның хабарлауынша, енді 2026 жылы АҚШ; Канада мен Мексикада өтетін әлем чемпионатына 48 елдің ұлттық құрама командалары қатысады. Мундиальдың топтық турнирі 72 матчтан тұрады. 12 топтың әрқайсысына төрт құрамадан бөлінеді. Әр топтан екі құрама, сондай-ақ 3-орын алғандар арасынан 8 үздік команда 1/16 финалға жолдама алады. Жарыста барлығы 104 ойын болды.

Әлем чемпионаты 56 күнге созылады. Финал 2026 жылғы 19 шілдеге белгіленді.

Аталған ұйым осыншама мемлекеттің командаларының әлемдік додаға қатысатынын 2017 жылы жариялаған еді.

Бұған дейін әлем чемпионатына 32 құрама қатысып, 64 матч ойналатын еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама