Halyq Uni логотип
×

«Газпром» Орталық Азияның алғашқы чемпионатына демеушілік жасайды

Турнирдің ережесі бойынша сегіз команда төрт-төрттен екі топқа бөлініп ойнайды

 Дастан Жұмабекұлы 15.03.2023 | 14:44
«Газпром» Орталық Азияның алғашқы чемпионатына демеушілік жасайды
фото: ашық дереккөз

Ресейдің «Газпром» акционерлік қоғамы футболдан алғаш рет Ташкент пен Бішкекте Орталық Азия Футбол ассоциациясының ұйымдастыруымен өтетін Орталық Азия чемпионатына қаржылай көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

CAFA ұйымы 2014 жылы құрылған. Оған Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан федерациялары кіреді.

Турнир 9 – 21 маусымда Бішкек пен Ташкентте өтеді деп жоспарланып отыр. Оған сегіз құрама қатысады.

Қазір чемпионатқа қатысуға CAFA-ның алты мүшесінің бәрі – Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан қатысуға келісім беріп қойды.

Бұл жарысқа Ресей құрамасы да қатысады. Бірақ одан әзірше өтінім келіп түскен жоқ. Одан басқа CAFA ұйымы Азия елдерінің бірін чемпионатқа қатыстыруға ниет білдіріп отыр. Қолда бар мәліметке қарағанда, жарысқа қатысатын соңғы, сегізінші команда Таиланд құрамасы болуы мүмкін.

Турнирдің ережесі бойынша сегіз команда төрт-төрттен екі топқа бөлініп ойнайды. Бір топтың ойындары – Ташкентте, екіншісінікі Бішкекте өтеді.

Топтардың жеңімпаздары финалда кездеседі. Ал өз квартетінде екінші болған командалар қола жүлдені өзара сарапқа салады. Бұл екі финалдық матч та Ташкентте болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама