Halyq Uni логотип
×

Рыбакина мастерс турнирінің ширек финалына шықты

Келесі айналымға шығу қолымнан келіп жатқан сияқты, – деді теннисші

 Дастан Жұмабекұлы 15.03.2023 | 13:29
Рыбакина мастерс турнирінің ширек финалына шықты
фото: Теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.

Рыбакина төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 66-орында тұрған ресейлік Варвара Грачевамен кездесті.

Қарсыластар осыған дейін бір-ақ рет кездесіп, онда Елена жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда есеп 3:3 болған кезде Рыбакина тағы бір брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен есепті 6:3 етті. Екінші сет те Рыбакинаның пайдасына шешілді. Есеп – 5:0. Одан кейін ол төртінші матчболды тиімді пайдалана алды. Есеп – 6:0.

Бұл мен үшін қиын матчтардың бірі болды. Десе де екі сетте жеңіске жеткеніме қуанып отырмын. Турнирдегі жағдайлар қолайлы деп айта алмаймын. Бірақ бейімделуге тырысып жатырмын. Әзірше қолымнан келіп жатқан сияқты, – деді Елена Рыбакина.

Енді ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама