×

Көше қалтарысында адам тонаған 2 жігіт ұсталды

Күдіктілердің 2 тонау дерегіне қатысы бар

 Дәурен Ерболат 15.03.2023 | 13:20
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Алматыда полиция адамды тонаған 21 жастағы күдіктілерді ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, оларға жәбірленуші арызданған. Оның айтуынша, кешкісін үйге қайтып келе жатқан кезде, Алтынсарин көшесі мен Абай даңғылының қиылысында белгісіз 2 жігіт оны ұрған. Содан кейін оның қолынан IPhone ұялы телефонын тартып алған. Келтірілген шығын – 400 мың теңге.

Тәртіп сақшылары күдіктілердің кім екенін анықтады.

Олар – 2002 жылы туғандар. Күдіктілерден жауап алынып, Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жігіттер өз кінәсын мойындады. Айғақ зат ретінде телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды, - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.
 

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Тергеу барысында күдіктілердің 2 тонау дерегіне қатысы бары белгілі болды. Олардың басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама