Halyq Uni логотип
×

Колледж студенттері әскери борышын өтеу мерзімін SMS хабарлама арқылы кейінге жылжыта алады

Бүгінде колледждерде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алады

 Динара Амантай 15.03.2023 | 10:57
Колледж студенттері әскери борышын өтеу мерзімін SMS хабарлама арқылы кейінге жылжыта алады
Фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде 2023 жылдың наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолданады, деп хабарлады Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті.

Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі, – деді мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев.

Бүгінде Қазақстан колледждерінде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама