Әдейі бір нәрсені жеп-ішу
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайларды еске салды.
Оразаны не бұзбайды?
Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;
Ұйқыдан жүніп болып ояну;
Әйелін сүю немесе денесіне қолын тигізуі. Мұндай жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды;
Әйеліне қолын тигізбесе де оған қараудан немесе шәһуәтын қоздыратын жағдайларды ойлап мәни шықса;
Түнде жүніп болып, ғұсыл алуды сәресі уақытынан кейінге қалдыру;
Аузына келген қақырықты жұту;
Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсенің тамаққа кетуі;
Құлаққа су кіру, бұлық ағу;
Темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды;
Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды;
Еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі оразаны бұзбайды;
Қан алдыру немесе сүлік салдыру;
Көзге, құлаққа дәрі тамызу;
Мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу;
Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт;
Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет;
Душқа жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек.
Ораза бұзылатын жағдайлар
Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;
Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;
Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту;
Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);
Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады;
Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет.
Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат жәні пәтуа бөлімінің мәліметінше, ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу доғаруы керек.