Ақтөбе облысында бірнеше үйді су алды (ВИДЕО)
Полиция ауыл тұрғындарының мүлкі сақталуын қадағалайды
Сынап бағанының күрт көтерілуіне және жауын-шашынға байланысты Ақтөбе облысының бірқатар аудандарында қызыл су елдімекендерге жақындады, деп хабарлайды polisia.kz.
Полиция мәліметінше, 13 наурызда даладағы еріген судың салдарынан Қобда ауылында бірнеше үйді, Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты мен кафені су басты.
Суды ағызу үшін жедел штаб аудан орталығы арқылы өтетін Самара-Шымкент тас жолында канал қазу туралы шешім қабылдады. Барлық көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылды.Халыққа және ТЖД-нің қызметкерлеріне көмек көрсету үшін облыстық ПД-нің жиынтық жасағының қызметкерлері Қобда ауданының аумағына жіберілді.
Полицейлер су басқан үйлердің тұрғындарын және мал-мүлкін эвакуациялап, жол бойына құм төсеумен, құм дорбаларын дайындаумен айналысады. Сонымен қатар полиция ауыл тұрғындарының мүлкі сақталуын қадағалайды.