Зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасты
Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 4,7 магнитудасымен жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасынан (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 09:47-де Гёксун ауданында тіркелді. Зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасты.
Қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды.