Астанада түрмеге аса ірі көлемде есірткі өткізбек болған әйел анықталды
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Елордалық әйелдің колонияға аса ірі көлемде гашиш өткізбек болғаны анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Астана қаласы ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері колонияға жіберілген сәлемдемені тексерген. Нәтижесінде одан салмағы 430 грамм болатын гашиш анықталды. Сәлемдеме елордалық әйелге тиесілі болған.
Есірткі темекі салынған пакеттің арасынан табылған. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
№2 мекемесінің жедел бөлімі мен елордалық департамент қызметкерлерінің кәсібилігі мен қырағылығының арқасында түзету мекемесіне есірткі кіргізілген жоқ, – деді қалалық ҚАЖД басшысы Дәулет Рахымбеков.