×

Астанада ШЫҰ энергетикалық форумы өтеді

Бүгінде ұйымның энергетикалық стратегиясы әзірленіп жатыр

 Дәурен Ерболат 14.03.2023 | 17:20
Фото: gov.kz

Биыл қазанда елорадада Шанхай Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) энергетикалық форумы өтеді, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Үндістан төрағалық ететін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің бейнеконференция форматында өткен жиынында белгілі болды.

Оған Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты. Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан ШЫҰ-ның энергетикалық стратегиясын әзірлеп жатқанын атап өтті. Құжат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі энергетика саласындағы одан әрі ынтымақтастығының негізгі бағыттарын қамтиды.

2023 жылғы маусымда ШЫҰ органдарына төрағалық ету Үндістаннан Қазақстанға ауысады. Осыған байланысты, Болат Ақшолақов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерін биыл қазанда Астанада өтетін ШЫҰ Энергетикалық форумына қатысуға шақырды.   

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің кезекті отырысы 2024 жылғы маусымда өткізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама