Күдікті онымен азық-түлік сатып алған
Ақтөбе облысында қонақтардың бірі үй иесінің банк картасын ұрлап кеткен, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицияға Ембі қаласының тұрғыны арызданып, үйден банк картасының ұрланғанын айтқан. Жәбірленуші қонақ кеткеннен кейін қалтасынан банк картасы бар әмиянын таппай қалған.
Полицейлер жәбірленушінің 32 жастағы танысын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Күдікті дүкендерден жалпы сомасы 176 мыңнан аса теңгеге азық-түлік сатып алып, ұрланған картамен есептескен.
Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.