Қазақстанға Путин келеді
ҚХР және РФ-мен стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинмен және Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесті.
Ресей елшісімен кездесуде мемлекет басшысы РФ президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарының, сондай-ақ биыл күзде Қостанайда өтетін XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен перспективалары талқыланды.
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесуде биыл мамыр айында Сиань қаласында өтетін «Орталық Азия + Қытай» саммитінің және президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға жоспарланған мемлекеттік сапарының өзектілігі сөз болды.
Сондай-ақ екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту маңызды екеніне назар аударылды.
Мемлекет басшысы Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Украинаға қатысты жағдайды саяси тұрғыда реттеу жөніндегі бітімгершілік әрекетіне жоғары баға берді.