×

Храпунов Өскемендегі бауырластар зиратын да жекешелендіріп алған

Ол Алматыдағы ең жақсы аудандардан да жер иемденіп, басы дауға қалған болатын

 Еркеғали Болатұлы 14.03.2023 | 15:50
фото: дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы экс-әкімінің жекеменшігінде болған бауырластар зиратын қазіргі билік мемлекетке қайтарумен айналысып жатыр. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Facebook-тегі парақшасына жазды.

Оның айтуынша, азаматтық соғыс кезінде марқұмдардың денесі жаппай жерленген зират ШҚО экс-әкімі Виктор Храпуновтың қылмыстық ісіндегі үлестесі «AutoExclusiveKZ» компаниясының меншігінде болған.

Әкімдік қалалық прокуратурамен бірлесіп, қалада компанияға тиесілі учаскелерді алу жөнінде шаралар қабылдады. Билік пен бизнес өкілдерінің жерді иемдену туралы ашық келісімі бар. Бұл учаскеде Ертіс пен амфитеатр орналасқан. Аудандағы Славский мен Пермитин көшелері арасындағы көпірдің астынан жол салу жоспарланды, - деді Жақсылық Омар.

Әкім бауырлас зират та, оған орнатылған Кеңес өкіметі үшін күрескерлерге арналған ескерткіш те сақталатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, ШҚО-да ескі ипподром аймағындағы екі жер учаскесі де Храпуновтікі болған. Жерді жеке меншікке беру кезінде бас жоспарға қарамастан экс-әкім біраз жер телімін меншіктеп алған.

Виктор Храпунов Алматыдағы ең жақсы аудандардан да жер иемденіп, басы дауға қалған болатын. Қазір оның жеке меншікке алған барлық жері мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр.

«Бас жоспар бойынша көп қабатты құрылыс ауданы қарастырылған. Қазір бұл жерде кезекте тұрған халықты баспанамен қамтамасыз ету үшін жалға берілетін көппәтерлі үйлердің құрылысын жобалауды бастаймыз», - деп атап өтті қала әкімі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама