×

Бибігүл Асылова премьер-министр кеңесшісі болды

Ол бұған дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған

 Халық үні 02.04.2022 | 14:40
фото: ашық дереккөзден

Бибігүл Асылова премьер-министрдің әлеуметтік блок бойынша кеңесшісі болып тағайындалды.

Үкімет басшысы өкімімен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова премьер-министр кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – дейді үкіметтің баспасөз қызметі.

БИБІГҮЛ АСЫЛОВА

1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасы бюджет, жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы болып бастады.

1994-1998 жылдары — Көкшетау мен Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болды.

1998-2016 жылдары — қаржы министрлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, мәдениет министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында қызмет етті.

2016 жылғы маусымнан бастап 2022 жылғы наурызға дейін білім және ғылым вице-министрі лауазымын атқарды.

Жақында ол білім министрлігінен кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама