Бибігүл Асылова премьер-министр кеңесшісі болды
Ол бұған дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған
Бибігүл Асылова премьер-министрдің әлеуметтік блок бойынша кеңесшісі болып тағайындалды.
Үкімет басшысы өкімімен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова премьер-министр кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – дейді үкіметтің баспасөз қызметі.
БИБІГҮЛ АСЫЛОВА
1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасы бюджет, жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы болып бастады.
1994-1998 жылдары — Көкшетау мен Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болды.
1998-2016 жылдары — қаржы министрлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, мәдениет министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында қызмет етті.
2016 жылғы маусымнан бастап 2022 жылғы наурызға дейін білім және ғылым вице-министрі лауазымын атқарды.
Жақында ол білім министрлігінен кетті.