×

Алматыда биыл 200-ден астам көше жөнделеді

6 шағын ауданда 30 шақырым жаңа жол салынады

 Динара Амантай 14.03.2023 | 14:06
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда 2023 жылға арналған жол жөндеу жұмысының жоспары бекітілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ұзындығы 200 шақырым болатын 200-ден аса көше орташа жөндеуден өтеді. Бұған қала бюджетінен 20 млрд теңге бөлінді. Жұмыс сараптама нәтижесі шыққаннан кейін сәуір айында басталады.

Магистральдық көшелерді орташа жөндеу жаздың соңына дейін, ал аудандық маңызы бар көшелердегі жұмыс қарашаға дейін жүргізіледі. Жұмыс басталар алдында нақты көшелер тізімі мен жұмыс уақыты алдын ала жарияланады.

Сонымен қатар, 6 шағын ауданда 30 шақырым жаңа жол салынады. Жолдар инженерлік коммуникациялардың іске қосылуына қарай, 2023-2024 жылдары қолданысқа беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама