Кәсіпкерді алдаған ресейлік азамат Қазақстанға экстрадицияланды
Ол Ақмола облысындағы кәсіпкердің 170 000 еуро сомасын алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінді
ҚР бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлері Германиядан халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Сергей Валерьевич Шубинді экстрадициялады.
Шубин Ақмола облысындағы кәсіпкердің 170 000 еуро сомасын ет өңдейтін неміс жабдығын жеткізу амалы арқылы алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінді.
Қазақстан мен Германия арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмағанымен, Бас прокуратура айыпталушыны экстрадициялау туралы неміс тарапымен келісімге халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді.
Қазіргі уақытта С. Шубин Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.