Halyq Uni логотип
×

Хабаровскінің тұрғыны Украинаның әскеріне ақша жіберген (ВИДЕО)

Енді оған 20 жылға сотталу қаупі төніп тұр

 Дастан Жұмабекұлы 14.03.2023 | 13:15
Хабаровскінің тұрғыны Украинаның әскеріне ақша жіберген (ВИДЕО)
фото: svs-gru.ru

Ресейдің Хабаровск қаласының тұрғыны Украина Қарулы күштеріне өзінің жинаған ақшасын жіберген. Сол үшін ол қамауға алынды.

Svs-gru.ru сайтының хабарлауынша, ол мемлекетке сатқындық жасағаны үшін ұсталды. Оны Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері көше бойында ұстап, көлікке мінгізіп, тергеу үшін әкеткен.

ФҚҚ-ның мәліметіне қарағанда, күдікті жинаған ақшасын қару-жарақтар, оқ-дәрілер мен әскери киімдер сатып алуы үшін Украина Қарулы күштеріне жіберген.

Енді оған Ресей Қылмыстық істер кодексінің 275-бабы («Мемлекеттік сатқындық») бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама