Елордада ДСМ-ге қарасты мекеме қызметкеріне әріптестерінің көзінше сот үкімі жарияланды
Сот үкім әлі заңды күшіне енген жоқ
30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкеріне қатысты 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны жайында үкім жариялады.
Ол Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілерінен қоғамдық тамақтану саласында ақша қаражатын алу фактісі бойынша, пандемия кезеңінде әкімшілік жауапкершіліктен жалтарғаны үшін кінәлі деп танылды.
Үкімді жариялау сотталушы ұжымының, сондай-ақ ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
2021 жылдан бастап алдын алу шарасы ретінде қызметкерлері жемқорлық жасады деп айыпталған мемлекеттік қызметкерлер ұжымдарының сот отырыстарына қатысу практикасы енгізілді.