×

Түркістан облысында есірткі контрабандасының жолы кесілді

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 14.03.2023 | 11:11
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі заттарының ірі партиясын Қазақстан Республикасына кіргізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағының «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекара наряды шетелдіктің басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан.

Аталған көлікті тексеру барысында жанармай құятын бөлігінде жасырылған 14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды. Оның ішінде 5 келі 290 грамм героин, 792 грамм апиын және 5 келі 335 грамм гашиш, сонымен қатар 1 келі 962 грамм синтетикалық есірткі бар.

Осы дерек бойынша материал ҚР ҚК 297-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР ҚК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама